ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы
ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы

«Электрмен жабдықтау» , «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (оқыту орыс тілінде) мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы бос лауазымына орналасуға Конкурс

 

 «Электрмен жабдықтау» , «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (оқыту орыс тілінде) мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы бос лауазымына орналасуға

Конкурс

 

(ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.11.19  № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021ж.11.22 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде)

 

1) Білім беру ұйымының атауы:

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 47 ғимарат

тел./факс:     8(71645) 75371.

E-mail:           stepn_gtk92@bk.ru

 

2) Педагогикалық бос орын: «Электрмен жабдықтау» , «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (оқыту орыс тілінде) мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы – 1,5 бірлік.

 

3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

 

Еңбекақы мөлшері мен шарттары: ЛА - 171000 теңгеден 310000   теңгеге дейін, сондай-ақ кабинет меңгерушісі, топ жетекшілігі және педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары үшін қосымша ақылар белгіленеді.

Ескерту: жалақы жұмыс өтілі мен сағат санына байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

 

4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 шілдеден  бастап 2025 жылғы 08 тамызға дейін.

5) Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (075/у нысаны бойынша);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

 (2-қосымша немесе 3-қосымша);

11)  алдыңғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыныс хат.

 

 

 


Текст