Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжінің заңгер-кеңесшісі Раушан Балғарқызы Исмагуловаға 2023 жылғы 24 мамырға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 700 421-21-23, 8(71645) 6-13-43 (қабылдау бөлмесі).