Педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір рет өткізіледі.
Білім беру саласының уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
«педагог» – білім беру ұйымдарында:
«педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» – облыстық білім басқармасының органдарында;
«педагог-шебер» – республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда.
Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ҰБТ;
2) эссе;
3) біліктілік бағалау;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
Ұлттық біліктілік тестілеуі:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:
күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз;
Комиссия қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау үшін ұсынылған материалдарды біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтің портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылдың 5 мамырына және 5 қарашасына дейін) Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.