ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы
ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы

«Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» (оқыту орыс тілінде) мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы бос лауазымына орналасуға Конкурс

 

 «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» (оқыту орыс тілінде) мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы бос лауазымына орналасуға

Конкурс

 

(ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.11.19  № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021ж.11.22 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде)

 

1) Білім беру ұйымының атауы:

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 47 ғимарат

тел./факс:     8(71645) 75371.

E-mail:           stepn_gtk92@bk.ru

 

2) Педагогикалық бос орын: «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» (оқыту орыс тілінде) мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы – 1,5 бірлік.

 

3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

 

Еңбекақы мөлшері мен шарттары: ЛА - 171000 теңгеден 310000   теңгеге дейін, сондай-ақ кабинет меңгерушісі, топ жетекшілігі және педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары үшін қосымша ақылар белгіленеді.

Ескерту: жалақы жұмыс өтілі мен сағат санына байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

 

4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 шілдеден  бастап 2025 жылғы 08 тамызға дейін.

5) Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (075/у нысаны бойынша);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

 (2-қосымша немесе 3-қосымша);

11)  алдыңғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыныс хат.

 

 

 


Текст