Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" МКҚК -ның 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

"Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі"

МКҚК -ның 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі"

 

1. Жалпы ереже

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" МКҚК. ҚР Заңды мекен-жайы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 47 ғимарат.        

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

"Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" МКҚК-да 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы 350 қызмет көрсетілді;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 7;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 223;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -120.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылы 231 қызмет көрсетілді;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 14;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 152;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-65.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау";

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру";

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну".

2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты қызметкерлер, қызмет көрсету орны, мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары) ресми ғаламтор-ресурста орналастырылған http://pt0003.stepnogorsk.aqmoedu.kz//. көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат әлеуметтік желілердің ресми беттерінде жарияланады.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімді және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында колледжде компьютермен, принтермен, сканермен, веб-камерамен, картриджермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. ҚР электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше электрондық түрде алу мүмкіндігі бар.

Колледж фойесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы неғұрлым қол жетімді ақпарат алу үшін стенд орналастырылған.

Колледжде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жағдай жасалған: шақыру түймесі, пандустар, тактильді бағыттаушы жолақтар, санитариялық-гигиеналық үй-жай қайырмалы тұтқалармен жабдықталған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің ғаламтор порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы БАҚ-та 10 ақпараттық мақала жарияланды:

 (Европа +) радиосында

1

газеттерде және басқа да баспасөз басылымдарында

4

 Instagram, Facebook, Вконтакт әлеуметтік желілерде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі директор жанында 2 кеңес өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "College Smart Nation"ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

Сонымен қатар, "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі колледждегі оқу процесін сандық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Тау-кен техникалық колледжінде 4 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

2021 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Колледжде тұрақты негізде көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүзеге асырылады, оларды жақсарту және уақтылы көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолжетімді көрсетудің ажырамас бөлігі болып табылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында колледжде мақсатты жұмыс жүргізілуде.

2022 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- - БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, стендтерде және ресми ғаламтор-ресурстарда ақпарат орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинарлар, кеңестер өткізу;

- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.


 

/public/files/2022/3/4/040322_094229_otchet-gtk-stepnogorskna-kaz-yaz.pdf

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.01.2021 08:57
Құрылған күні: 04.03.2022 13:53

Текст