Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы 8 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" МКҚК-ғы Қамқоршылық кеңестің құрамына кіргісі келетін тұлғалардан өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;

 9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы ұсыну туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;

10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне берілген шарттармен танысады, олармен білім беру ұйымы психологының қатысуымен әңгіме жүргізеді.

Өз өтінішіңізді электрондық поштаға жолдай аласыз: stepn_gtk92@bk.ru. Анықтама телефоны: 8 (71645) 6-13-43.

Жаңартылған күні: 09.09.2023 12:29
Құрылған күні: 09.09.2023 12:29

Текст