Қазіргі заманғы педагогика даму және өз бетімен білім алу дағдыларын игеруге бет бұрған. Педагогикалық қызметкерлер оқу және тәрбие жұмыстарын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, әдістемелік тақырыппен жұмыс істейді. Педагогта өзінің өмірінде болып жатқан барлық қызықты және лайықты нәрсені көрсететін белгілі бір «құжаттама» пайда бола бастайды.
Бұл мәселе 2021 жылғы 12 қаңтарда Тау-кен техникалық колледжінде өткен жас маман мектебінің кезекті отырысында қаралды. Семинар-практикумның алдында тұрған негізгі міндет – әрбір жас маман өзінің педагогикалық арсеналын байытып, өз портфолиосын құруға қызығушылық танытуы үшін теорияны практикамен біріктіру. Отырысты колледж әдіскері Г.М. Шарипова ашып, жас педагогтарды портфолио құру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды.
Семинар барысында жас педагогтар:
Іс-шара соңында жас мамандар бүгінгі күні бір кездері алған білімі, мамандығы бойынша жұмыс істеу жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Құзыреттілік деңгейін сақтау үшін үнемі үйрену үстінде, өз білімін жетілдірумен айналысу қажет. Әрбір адам өз жұмысын, өзінің жетістіктерін талдай алуы, педагогикалық жетістіктерді қорыту және жүйелеуі, өз мүмкіндіктерін объективті бағалауы және қиындықтарды жеңу, жоғары нәтижелерге қол жеткізу жолдарын көруі маңызды. Портфолио кәсіби жетістіктерді бекіту тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар өзін маман ретінде жүзеге асыру мен өзін-өзі дамытуға серпін ретінде құрылуы керек.