Текст
2021 жылдың 10 ақпанында Тау-кен техникалық колледжі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастық спектрі кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, үздіксіз білім беру жүйесі аясында оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қамтиды.
Меморандумға қол қою-екі тараптың ғылыми, білім беру және кәсіби салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, оқу орындары арасында өзара түсіністік пен ғылыми байланыстар орнатуға ықпал етуге деген ұмтылысын растайтын тағы бір қадам.