Текст
2024 жылғы 6 қарашада өткен ЦӘК жұмыс жоспары бойынша жалпы білім беретін пәндер ЦӘК-ның 4-отырысында келесі мәселелер қаралды:
- жалпы білім беретін пәндер бойынша 1 курстың бейімделуі бойынша талдау-анықтамасы, талдау толығырақ «Бейімделу» консилиумында қаралатын болады;
- ашық сабақтар мен іс-шаралар кестесін қарау;
- қалалық «Құлагер» спартакиадасына, облыстық «Кезең» спартакиадасына қатысу.
Оқытушы А.В.Жамалиева «Цифрлық орта және сапалы цифрлық құралдар» тақырыбында баяндама жасады, тақырып оқытушылар тарапынан қызу талқыланды. Тәжірибелі педагогтер жас педагогтермен тәжірибе алмасып, оқытушының жұмысы бойынша нақты кеңестер мен ұсыныстар берді.