Ашық сабақ фестивалінің кестесі бойынша 29 қараша 2 парада математика пәнінен Л.Н. Калайдарова 07240500 "Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)" мамандығы бойынша білім алатын ОПИ-1-1 тобында келесі тақырыпта: «Күрделі функцияның туындысы» ашық сабақ өткізді
Сабақтың ерекшелігі- математика сабағын тарих сабағымен ұштасуы. Студенттерге берілген әр тапсырманың жауаптары қаламыздың тарихи жылдарымен байланысты болды. Бұл, өз кезегінде, студенттердің сабаққа қызығушылықпен қатысуына септігін тигізді, әрі, сабақтың тартымды өтуіне көп ықпал етті. Студенттер әр тапсырманы жеңіл орындап, өз деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Сергіту уақытында “ Қара жорға” биін билеп, бойларын жазып алды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті, әр ұстаз осындай ашық сабақтар өткізсе, нұр үстіне нұр болатын еді.