Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін бейнелейтін ең басты мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі.
Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттік егемендік туралы идеяның бейнесі ретінде тарихқа енді. Бұл күннің ерекшелігі - ол Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін нығайтады. Жыл сайын желтоқсан айында Қазақстанның көпұлтты халқы осы басты мерекені салтанатты түрде атап өтеді.
Сол мереке қарсаңында Степногорск қаласы, Тау – кен техникалық колледжінде барлық топтарда «Тәуелсіздік – бақыттың бар бастауы!» тақырыбында топ сағаттары өтті. МІ-4-1 тобының студенттері арасында да осы тақырыпта топ сағаты өтті.
Студенттер берілген сұрақтарға жауап беріп, тәуелсіздік құрбандарын еске алып, белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, талқылап, пікір алмасып, топ сағатындағы тақырыптың мағынасын ашып қортынды жасалды.