Текст
2025 жылғы 10 cәуірде "Насихат" қоғамдық бірлестігінің директоры, теолог Байжігітов Диас Тұрсынбекұлы колледж студенттері арасында дәстүрлі емес діни ұйымдар тақырыбында дәріс өткізді. Қатысушыларға деструктивті жалған діни ұйымдардың әсерінен қорғану және олардың арбауына түспеу туралы айтты, алдап-арбау ұғымын түсіндіріп, оның әдістерін уақытында қалай тануға болатындығы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, балалардың назарына Қазақстандағы жалған исламдық, деструктивті ағымдардың қызметі, олардың ықпалына қалай түспеу керек, деструктивті діни ұйымдардың негізгі белгілері туралы, интернет-кеңістіктегі жұмыстар туралы, байланыссыз алдап-арбаудың ықпалына қалай түспеу керек, тексерілмеген сайттардың қауіптілігі туралы мәліметтерді жеткізді.