Тау-кен техникалық колледжінде WorldSkills Aqmola-2025 өңірлік чемпионатына дайындық жалғасуда.Колледжде «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың іріктеу кезеңі өтті. Кәсіби шеберлік конкурсына ПО-2-1, СИБ-3-1 топтарының студенттері қатысып, 1-орынды Сансызбай Арсен, 2-орынды Зайчевский Никита, 3-орынды Нуртаев Адильжан иеледі. Байқауға қатысушылардың жұмысын сарапшылар, жұмыс берушілердің өкілдері мен оқытушылар бағалады. Чемпионаттың бас сарапшысы – Итемгенов Тимур Казизович, «Агентство-КА» ЖШС жүйелік әкімшісі, сарапшылар – Зворыгин Павел Юрьевич, «Степногорск қаласы, Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» МКҚК оқытушысы, Куанышева Бибигул Ахановна, колледж оқытушысы. Қатысушыларды құттықтаймыз және өңірлік чемпионатта жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!!!