Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ауған соғысының жаңғырығы" Батылдық сабағы

21.04.2025

Бүгін 2025 жылғы 4 ақпан күні Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні қарсаңында АӘТД оқытушысы-ұйымдастырушысы Р.А.Казбеков 1-курс студенттері арасында «Ауған соғысының жаңғырығы» атты ерлік сабағын өткізді. Ерлік сабағына Ауған соғысының ардагері Гамастинов Салихжан Галимжанович қатысты. Ол Ауғанстандағы әскери қызметі, басынан өткізген ауыр сынақтар, борыш пен абырой ұғымының маңыздылығы туралы айтты. Ардагер әскери операциялар, қиын жағдайдағы сарбаздардың өмірі және армиядағы достықтың, өзара көмек пен қолдаудың құндылығы туралы егжей-тегжейлі айтты. Ардагердің естеліктері студенттерді қызықты да, қобалжу да сезімдерге бөледі. Ардагер сөзінен кейін практикалық сабақтар бөлімі өтті. «Арыстан» ӘПК-ның тәрбиеленушілері армия қызметімен байланысты дағдыларды, атап айтқанда автоматты бөлшектеу және құрастыру, магазинді толтыруды көрсетті.Сабақ соңында шағын дөңгелек үстел өтті, онда қатысушылар естігендерін талқылап, кездесуден алған ойларымен және әсерлерімен бөлісті. Ардагер студенттерге Ауған соғысы оқиғаларына көңіл бөлгені және қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ сабақта алған білім жастардың бойында дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыру үшін пайдалы болады деген үмітін білдірді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде колледж басшысы Тарасова Елена Викторовна құрметті қонағымыз Гамастинов Салихжан Галимжановичке Алғыс хат табыс етті.

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст