Ақпан айының басында ЖББ пәндер ЦӘК-ның жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста комиссия төрағасы Л.М.Блялова ЖББ пәндер ЦӘК-ның пәндер және МБЖ бойынша 2024-2025 оқу жылының 1-жартыжылдық есебін берді. Сонымен қатар, тарих пәні оқытушысы Т.М.Зейнатулин «Ғылыми жұмыстардың бағыттарын болжау», АӘТД оқытушысы Р.А.Казбеков «GPT-chat қолданудың негізгі принциптері, мүмкіндіктері мен мысалдары», физика пәні оқытушысы Р.К.Омарова «Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру және дамыту», математика пәні оқытушысы К.К.Ерназарова «Математика сабақтарында құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамалар тақырыптары пікірталасқа түсіп, үлкен қызығушылықпен талқыланды. Педагогтер тәжірибелерімен, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.