2025 жылғы ақпанда колледждің жұмыс жоспары бойынша жалпы білім беретін пәндер циклінің оқытушыларының «Жас мамандар мектебі» кезекті отырысы өткізілді, онда жас маман дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.В. Жамалиева «Балаларды оқытуға жеке көзқарас, дене шынықтыру қабілеттерін дамыту және дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың денсаулығын сақтау» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибелі педагогтардан кеңес сұрады.Сондай-ақ, «Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру және дамыту» тақырыбымен физика пәнінің оқытушы Р.К.Омарова сөз сөйлеп, СИБ-1-1 тобында физика пәнінен ашық сабаққа өзіндік талдау жүргізді, оқытушы өз тәжірибесімен бөлісті және тәжірибелі педагогтардан кеңес алды.Сонымен қатар отырыс жұмысына тәжірибелі педагог – сарапшы Г.Е. Умарова қатысып, ашық сабақтарға талдау жасады, жеке тәжірибесімен бөлісті, ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізу жөнінде кеңестер берді. Баяндамалардың тақырыптары қызу талқыланып, әріптестер өз сұрақтарына жауап алды.Педагогтар өз тәжірибелерімен, келешек жоспарларымен бөлісті.