Ашық сабақ фестивалінің кестесі бойынша 12 ақпан 2 парада 06120200 " Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері " мамандығы бойынша білім алатын СИБ-1-1 тобында дене тәрбиесі сабағынан дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Жамалиева Анна Валерьевна келісі тақырыпта: «Баскетболда тактикалық және техникалық іс-қимылдарды жетілдіру» ашық сабақ өткізді.Сабақ әдістемеге сай өтті. Оқытушы баскетбол ойынын ойнау кезіндегі студенттердің жылдамдығын тексеру,жаттығуларды тиянақты жасау, жүгіру түрлерін әр түрлі ойындар арқылы өткізіп, студенттердің қызығушылықтарын арттырды.Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланды.Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын студенттер берілген жаттығуларды тез, дұрыс орындауға тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділік танытты. Сабақ өте жақсы өтті.