WorldSkills Aqmola-2025 өңірлік чемпионатына даярлық аясында колледжде «Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың іріктеу кезеңі өтті. Кәсіби шеберлік байқауына ПО-2-1, СИБ-3-1, ПО-4-1 топтарының студенттері қатысты.1-орынды Смирнова Анастасия, 2-орынды Прокофьев Дэвид, 3-орынды Акопович Вероника иеленді. Байқауға қатысушылардың жұмысын сарапшылар, жұмыс берушілердің өкілдері мен оқытушылар бағалады. Чемпионаттың бас сарапшысы – Зворыгин Павел Юрьевич, Степногорск қаласының «МОӨК» МКҚК оқытушысы, Итемгенов Тимур Казизович, «Агентство-КА» ЖШС жүйелік әкімші, Қуанышева Бибігүл Ахановна, колледж оқытушысы.Қатысушыларды құттықтаймыз және өңірлік чемпионатта жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!!!