«Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МКҚК 23 жылғы 2025 мамырда сағат 10:00-де аралас форматта «XXI ғасырдағы тау-кен ісі: технологиялар, перспективалар, білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияға Қызылорда облысы білім басқармасының «Шиелі индустриялық-аграрлық колледжі» МКҚК; Жамбыл облысының Жаңатас көпсалалы колледжі; Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; 2024 жылы келісілген меморандум шеңберінде Қырғызстан Республикасының Бішкек тау-кен техникалық колледжі қатысты.
Сонымен қатар әлеуметтік серіктестердің өкілдері шақырылды:
«Алтыналмас АҚ» АҚ;
«Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС;
«Қызылту» ЖШС;
Конференция 4 секция бойынша өтті:
1. «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша.
2. «Пайдалы қазбаларды ашық игеру» мамандығы бойынша.
3. «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша.
4. Оқытушылар секциясы.
Студенттер қатысқан секцияның жұмысын бағалау үшін, әлеуметтік серіктестерден құралған сарапшы топ студенттердің еңбегін бағалады. Жеңімпаз атанған студенттер әлеуметтік серіктес «Алтыналмас АК» АҚ тарапынан бөлінген бағалы сыйлықтармен марапатталды.