Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының Ақмола филиалында 21-23 шілде аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің Республикалық слёті өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам белсенді балалар жұмысшы мамандықтарының болашағын талқылау, дағдыларды шыңдау және болашаққа шабыт алу үшін жиналды.
«Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша білім алатын Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қонақтар мен слёт қатысушыларына электронды роботтандырылған тахеометрмен, инновациялық ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті, ал «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының техник-технологтары кенді сыныптар бойынша бөлу процесін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар болашақ мамандар арасында тәжірибе мен білім алмасу платформасын құра отырып, жұмысшы мамандықтарын дамытуда шешуші рөл атқарады және жас ұрпақты біздің елімізде сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға шабыттандырады!