ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы
ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы

Арналған тілдер

08.09.2025

Степногорск қаласы , Тау – кен техникалық колледжінде 5 қыркүйектен бастап 11 қыркүйек аралығында тілдер күніне арналған тілдер апталығы басталды. 5 қыркүйек колледждің 07240200 «Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша білім алатын МІ-1-1 тобының студенттері қалалық орталық кітапханада өткен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты сөздік баспалдаққа қатысты. 
Ал 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша білім алатын ПО-3-1 тобының студенті Шуган Диана арнайы пән оқытушысы Б.А. Куанышеваның жетекшілігімен Көкшетау қаласындағы Болашақ сарайында Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған тілдер күніне орай өткізілген іс -шараға қатысып, дипломмен марапатталды. 
Колледжде кітапханашы Н.И. Аболенскаяның ұйымдастыруымен  5 қыркүйек күні апта бойына арналған көрме ұйымдастырылды және «Тілдер күні- достық пен бірліктің символы» тақырыбында іс – шара өтті, студенттер белсене қатысты. 
 

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст