9 қыркүйек апталықтың үшінші күні тіл мамандары келесі тақырыптар бойынша, келесі топтарда іс – шара өткізді: қазақ тілі пәнінің оқытушысы К.С. Султанова «Адамзаттың Абайы» танымдық сағат МІ-1-1 тобында өткізген іс- шараға студенттер белсене қатысты, барлық берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін жақсы көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Л.О. Даниярова 1 курс студенттері арасында «Тіл – ел жүрегі» атты іс шара өткізді. Орыс тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Б.Б. Мажиева 1 курс студенттері арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай жолы» атты ақпараттық альманах өткізді, ол іс шарада ұлы ақын Абай Құанабайұлы жайлы студенттерге көп мағмұмат берілді. Студенттерде ақынның білетін өлеңдерін жатқа оқып, белсене қатысты.