«Ақыл тек білімде ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде білімді қолдана білуде».
Аристотель
Бірыңғай зияткерлік кеңістік құру және зияткерлік көшбасшыларды анықтау мақсатында бүгін жатақханада студенттердің танымдық қабілеттерін, олардың назарын, қиялын және көкжиегін кеңейтетін «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өтті.
Бұл жолы білгірлер құрамасы көрермендер арасынан шыққан студенттерге қарсы ойнап, олар командаға сұрақтар қойды. Үстелде 11 сұрақ-жауап парағы орналастырылды. Кез-келгенін таңдағаннан кейін студент сұрақты оқиды. Жауап туралы ойлануға командаға бір минут уақыт берілді. Команда мүшелерінің бірінің жауабынан кейін студент дұрыс жауапты оқыды.
Қате жауап бергенде, сыйлық оған берілді. Сұрақтардың арасына «қара жәшіктан» алынған екі сұрақ кірді, бұл студенттердің қызығушылығын одан әрі арттырды. Сұрақтар қызықты, ғылымға, өнерге, тарихқа және күнделікті құбылыстарға қатысты болды. Мұндай іс-шаралар студенттерді ойлауға және ұсынылған сұрақтарға дұрыс шешім табуға мәжбүр етеді. Ойын аяқталды, жеңімпаздар белгілі болды. Зияткерлік сыйы ретінде ойыншыларға тәтті сыйлықтар берілді.
Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О. М.