Құрметті әріптестер, студенттер, ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын.
1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу-әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – Біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген терең құрмет көзі.
Мемлекеттік рәміздер бізді Отанымыздың тағдырындағы ең маңызды сәттерде - ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың әнұраны шырқалса немесе көк-көгілдір ту көтерілсе, әрбір қазақстандық мақтанышпен патриоттық сезімін сезінеді.
Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасы Президентінің саясаты негізделген құндылықтарды бейнелейді.
Бұл-ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан Мемлекеттік рәміздер мемлекет азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие.
Осы мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін!
Біздің Отанымыз-Қазақстан гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!
Құрметпен Тау-кен техникалық колледжінің басшысы
Елена Викторовна Тарасова