Бүгін аралас форматта жалпы колледждің ата-аналар жиналысы өтті.
Колледж директоры Е.В. Тарасова ата-аналарды колледждің негізгі бағыттарымен және жалпы колледж жұмысы туралы таныстырды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. Н.Калайдарова оқу үрдісін ұйымдастыру туралы айтты Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналарды тәрбие жұмысының маңызды аспектілері туралы таныстырды.
Колледждің педагог-психологы ата-аналарға "Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу" және жасөспірімдерді қауіпті референттік ойындарға тартудың алдын алудың республикалық бағдарламасын ұсынды.
Жалпы колледждің ата-аналар жиналысынан кейін топ жетекшілері студенттердің ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ ата-аналар комитетін сайлау туралы кураторлық сағат өткізді.