Біліктілікті арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ҚР БҒМ "Талап" КЕАҚ-пен бірлесіп "Жас маман"жобасы шеңберінде білім алып жатқан техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарын іске асырады.
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын трансформациялау процесіндегі басшының рөлі: халықаралық тәжірибе" тақырыбы бойынша Тау – кен техникалық колледжінің колледж басшысы Елена Викторовна Тарасова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ляззат Нурбаевна Калайдарова біліктілікті арттырудан сәтті өтті.
"Жас маман" жобасы шеңберінде " Білікті кадрларды даярлауда халықаралық тәжірибені ескере отырып, педагогтердің кәсіби дамуы" тақырыбы бойынша арнайы пән оқытушылары: Николай Андреевич Киричек және Юрий Евгеньевич Васильев курстан өтті.