Текст
2021 жылдың 11 қарашасында Тау-кен техникалық колледжінің "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша білім алатын ПД-2-1 тобының студенттері заң пәндерінің оқытушысы Д.А. Ордабаевтың жетекшілігімен сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарау бойынша сот процесіне қатысты, сондай-ақ Степногорск қалалық сотының төрайымы Бибигуль Каиргельдиновна Бекентаевамен кездесті.
Әңгіме барысында ТТК студенттері Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі инновацияларға қатысты ақпарат алып, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.