18.11.2021 ж.Аралас форматта "Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту"тақырыбында 2-3 курс ата-аналары арасында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың қонағы "VIAMEDIC" ЖШС директоры Амрин Сакен Умирсерикович болды, ол ата-аналармен қоғам үшін, атап айтқанда жасөспірімдер үшін вакцина алудың маңыздылығы туралы диалог форматында әңгіме өткізді.
Жиналыстың жалғасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. Н.Калайдарованың баяндамасы болды, ол ата-аналарға оқу үрдісін жалпы ұйымдастыру туралы айтып берді. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.А.Чернова ата-аналарға өндірістік оқытудың ерекшеліктері туралы айтып, таныстырды.
"Әр түрлі" бөлімде ата-аналардың балаларына вакцина алуға келісімі туралы, колледждің бракераж комиссиясы туралы және оқу-тәрбие үрдісіне қатысты басқа да мәселелер болды.