"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция

14.12.2021

Бүгін Степногорск қаласындағы жоғары колледж базасында ҚР  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция өтті.
Конференцияда әр колледждің атынан спикерлер баяндама жасады.
Жоғары колледждің спикерлері "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл", "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі" тақырыбында баяндама жасады; Тау-кен техникалық колледжінің спикері "Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі" тақырыбында баяндама жасады; "ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл ішіндегі елдің жетістіктері" тақырыбында Мақсат колледжінің спикері  баяндама жасады.
Спикерлердің конференция қатысушыларының алдында  сөз сөйлеуі аяқталғаннан кейін, викторина өткізілді, оған студенттер белсене қатысты.
Конференция патриоттық көңіл-күймен жоғары деңгейде өтті!
#Тәуелсіздікке30жыл
#aqmola30kz

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст