Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, 2019 жылды - «Жастар жылы» деп жариялауы. Жастар жылы жаңа бастамаларға бастайды. Тау-кен техникалық колледжінің жастары үшін бұл зор мүмкіндіктер мен үлкен жауапкершілік жылы. Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспанамен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті өрістету, қаржы сауаттылығын жетілдіру, құқықтық мәдениеті дамыту, дарынды жастарды қолдау сынды ауқымды іс шаралар жоспарын іске асыру бастау алып отырған ағымдағы жылға үлкен үміт артамыз.