Тау-кен техникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Айсулу Талгатовна Бактыбаева 2022 жылдың 16 наурызында колледждің мерейтойына арналған студенттер арасында " Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойынын өткізді.
" Не? Қайда? Қашан?" жобасы- бұл эмоциялар теңізі, ойынды дайындау мен өткізуден ләззат алу, сондай-ақ студенттерге өз күштерін сынап көру, дәрістер мен семинарлардан біраз уақыт алшақтау, жаңа достар табу және өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігін береді.
Табыстың кепілі- бұл топтың бірлігі , сенің басқа топтан, басқа бағыттан болғаның маңызды емес, ең бастысы өз ойыңды ашық айтып және өз күшіңді сынап көру!
Әділ жарыста ғалым үкі кубогын "Білгірлер" тобы жеңіп алды, топ басшысы – Ильясов Артем.
Ойында жеңілгендер жоқ, "Не? Қайда? Қашан?"- бұл қуаныш, шаттық ойлану, қарым-қатынас, белсенділікті білдіреді.
Барлық топтар ашық, батыл, белсенді болды! Қатысушылардың барлығына рахмет айтамыз!».