Колледжішілік WS чемпионатын өткізу
Колледждің 21студенті колледжішілік WS чемпионатына келесі құзыреттер бойынша қатысты: веб-дизайн және әзірлеу – 6 адам;инженерлік графика САD – 5 адам; мобильді робототехника – 5 адам; Электромонтаждық іс – 5 адам.
Арнайы пән оқытушылары тапсырмалар, бағалау және инфрақұрылымдық парақтар әзірледі. Қатысушылар іріктеліп, дайындалды.
Сарапшылар (қазылар алқасы) ретінде әлеуметтік серіктестер кәсіпорындарының жетекші мамандары шақырылды:
- "Қазақалтын "ТКМК" АҚ IT мамандары; "Степногорск тау-кен-химия комбинаты" ЖШС; "ЕПК Степногорск" АҚ; "MART" фото және дизайн студиялары; "АгентствоК" ЖШС»;
САD инженерлік графика: "Қызылту" ЖШС тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлік бөлімдерінің мамандары; "Қазақалтын "ТКМК" АҚ»;
-электр монтаждық іс: "СтепногорскЭнерготранзит" ЖШС энергетикалық қызмет мамандары; "Степногорск-суарнасы"ШЖҚ МКК.
Байқауға кәсіпорын басшылары, әлеуметтік серіктестер және қала мектептерінің тоғызыншы сынып оқушылары шақырылды.
Сарапшылардың (қазылар алқасының) бағалауы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бірінші орын алып, WorldSkills Kazakhstan – 2019 аймақтық чемпионатына қатысу құқығына ие болды:
- веб-дизайн және өңдеу, Арзамасцев Владислав Андреевич, 1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)" мамандығының үшінші курс студенті, 50 балдан 44 балл;
- мобильді робототехника, Моисеев Владимир Владимирович, 50-ден 45 балл;Кошкарев Владимир Игоревич-екінші орын, 50-ден 41балл, 1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)" мамандығының үшінші курс студенттері аймақтық чемпионатқа команда ретінде жіберіледі.;
- инженерлік графика САD, Кельдешев Бауржан Джамбулатұлы, 0706000 "Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру" мамандығының 3 курс студенті, 50 баллдан 46 балл;
- электр Монтаждау ісі, Ковалевкий Денис Олегович, "Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)" мамандығы бойынша 4 курс студенті, 50 балдан 46 балл.
Бірінші-үшінші орын алған байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.