2022 жылы 19 сәуірде Тау-кен техникалық колледжінде "Жастар. Ғылым.Қазақстан" атты колледждің 30 жылдық мерейтойына арналған ХХ-шы ғылыми- зерттеу конференциясы өтті.
Конференция аясында политехникалық бағыт, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық секциялар жұмыс істеді Стейкхолдерлер ретінде әлеуметтік серіктестер, білім беру мекемелерінің оқытушылары шақырылды.
Конференцияның жабылуында Сарапшылар: Поддубная Любовь Валерьевна, "SSAP" ЖШС Заң департаментінің басшысы, Кубрина Светлана Викторовна, Степногорск қ. Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының директоры, Ковалева Татьяна Александровна, математика мұғалімдері қалалық әдістемелік бірлестігінің басшысы ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, конференция қатысушыларына қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және ғылым әлемінде жетілдіруді жалғастыруға тілек білдірді.
Барлық қатысушыларға белсенді, қызықты және өзекті сөз саптаулары үшін және өз ойларын ортаға салып, идеялармен және инновациялармен алмасқандары үшін алғысымызды білдіреміз.
МЕРЕЙТОЙЫҢМЕН, КОЛЛЕДЖ!