Колледж жатақханасында Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес халқының Жеңісінің 77 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті. Жатақханада осы қанды соғыстың батырларын еске алу қабырғасы безендірілді.Кеңес Одағының барлық ұлттарының жас сарбаздары өз ұрпақтарына фотобейнеден көз салып тұрғандай. Көп батырларымыз үйлеріне оралмады. Уақыт өтеді, бірақ соғыс жылдарындағы оқиғалар біздің есімізде мәңгі қалады. Ұлы Отан соғысы туралы қасиетті естеліктер ұмытылмайды.
Балалар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды, өткен заманның батырлары туралы әндер , " Қазақстандықтар соғыс жылдарында "атты деректі ақпаратты тыңдады.
Соғыста сіздің қандай ұлт екеніңізді ешкім сұрамайды. Тек, адамдар өз Отанын қорғайды! Біз оларға қазір өмір сүріп жатқанымыз үшін ризамыз. Біз қаза болған батырлар алдында басымызды иеміз.
Жеңіс... Егер балалар бақытты өмір сүрсе, болат балқытылып, кітаптар жазылса, егер туған өлкенің алқабында егін жайқалып өссе, онда бұл жеңістің арқасы! Отан үшін ерлікпен қаза тапқандар мәңгі өмір сүреді! Ерлік сабағы " Мәңгі өлмес полк" атты ән ролигін көрумен аяқталды.
Аз емес зар жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған деген өлең шумақтарында айтылғандай осы бақытты өмір сүруімізге себепші болған, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы естелік ешқашан өлмейді!
Отан үшін қаза болғандар мәңгі өмір сүреді!!!