Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу-далалық (лагерьлік) жиындар

16.05.2022

11.05.2022 жылдан бастап Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжінде білім алушылардың тәжірибелік біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатында, сондай-ақ әскери істі оқуға қызығушылықты қалыптастыру үшін 2021-2022 оқу жылының соңында 1-2 курс оқушылары арасында бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиындар басталды. Жиынның негізгі мақсаты жастарды еліміздің Қарулы Күштері қатарында әскери қызметке даярлау, алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдерін бекіту, жастарға әскери қызметке тез бейімделуге қажетті тәжірибелік дағдыларды игеру болды.
Оқу – далалық сабақтар барысында оқушылар әскери қызметтің қыр-сырымен, ерекшеліктерімен және әскери қызметшілердің міндеттерімен танысты, тактикалық дайындық негіздерін, жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерін, саптық даярлық негіздерін, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қаруды бөлшектеу және жинау тәртібін, атыс тәсілдері мен ережелерін зерттеді.
Оқу кестесіне сәйкес далалық оқу-жаттығу жиындары жалғасуда.

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст