Тау-кен техникалық колледжі 30 жылдық мерейтойын атап өтті.
Кез келген мерейтой – бұл уақыттың, тәжірибенің, даналықтың, шынайы кездесулердің салтанаты және, әрине, қарым-қатынастың жаңалығын сезіну. Мерекенің салтанатты кешіне колледждің барлық ұжымы, әлеуметтік серіктестер, достар, түлектер, педагогикалық еңбек ардагерлері мен студенттер қатысты.
Колледжде оқу кабинеттері және жаңартылған зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Атаулы күнге орай "Цифрландыру техникалық бағыттардың жаңа парадигмасы ретінде"тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, жұмыс екі секция бойынша жүргізілді: техникалық және ІТ-бағыт.
Мерекелік фанфармен колледждің педагог қызметкерлерін, педагогикалық еңбек ардагерлерін Ақмола облысы білім басқармасының атынан грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Бүгінгі таңда колледж оқытудың озық әдістерімен мақтана алады.
"WorldSkills Kazakhstan" және "Жас маман"құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. Кабинеттер болашақ кеншілерді, энергетиктерді, байытушылар мен маркшейдерлерді даярлауға арналған жаңа жабдықтармен жабдықталған. Студенттер теориялық қана емес, тәжірибелік дағдыларды да ала отырып, өндірістік объектілерде жұмыс істеу үрдістерін іс жүзінде үйренеді.
Тау-кен техникалық колледжі ұжымының тәжірибесі мен шығармашылық әлеуетінің, жастығының үйлесуі алға қарай сенімді қарауға, жоспарлар құруға, жаңа мақсаттар қоюға және оларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.