Текст
Қазақстан республикасында жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.
Бұл күні сол жылдары ашаршылық пен сталиндік режимнің қуғын-сүргінінен қаза тапқандар мен қайтыс болғандарды еске алу дәстүрге айналды. Өздерінің бастарына түскен ауыртпалыққа қарамастан, бір үлкен көпұлтты елдің қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарын өз жерінде қабылдап, көмек беріп, өлімнен құтқарған қарапайым қазақ халқына шексіз алғыс білдіреді.
ПКБ-1-1 тобының студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Естелік тастың жанында Ұрпақтар аллеясында өткен іс-шараға қатысты.