Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі базасында 2022 жылғы 02 маусымда Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарының директорлар кеңесінің отырысы өтті. Аталған іс-шара барысында колледж директоры Е.В. Тарасова колледж басшыларын білім беру үрдісінің материалдық-техникалық жабдықталуымен таныстырды, арнайы пәндер оқытушылары қонақтарды тау-кен техникалық колледжінің зертханаларының заманауи жабдықтарымен таныстырды, біздің талантты түлектеріміз тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Одан әрі дөңгелек үстел түрінде отырыс өтті, онда колледж басшысы Е.В. Тарасова "Жұмыс беруші-колледж "ынтымақтастығы шеңберінде кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету"тақырыбымен сөз сөйледі. Отырыс барысында барлық деңгейлерде кадрлар даярлау саласындағы кәсіпорындар мен колледждердің өзара қарым- қатынас мәселелері қаралды, бұл-кадрларды тәжірибеге бағытталған даярлау, колледж оқытушыларының кәсіпорындардағы тағылымдамасы, колледж базасында кәсіпорындар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
Жалпы отырыс тиісті кәсіби деңгейде өтті!