2022 жылдың 28 маусымында Тау-кен техникалық колледжінде әлеуметтік серіктестер, МАК төрағаларының қатысуымен "Мамандарды дайындау және оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша колледж жұмысының тиімділігі контекстіндегі білім беру үрдісіндегі өзгерістер динамикасы" қорытынды педкеңесі өтті, олар біздің оқу орнымыздың әрбір білім алушыға өзінің жеке қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру үшін қажетті ресурстары бар екенін атап өтті.
Педкеңес презентация форматында өтті, оқу, оқу-өндірістік, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары шығарылды, келесі оқу жылына жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.
Кеңес соңында колледж директоры Тарасова Елена Викторовна педагогикалық қызметкерлерді ағымдағы оқу жылының аяқталуымен құттықтады.