КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Жаңа стратегиялық бастамалар

31.08.2022

Жаңа оқу жылы қарсаңында колледжде 2022-2023 оқу жылына арналған "Тау-кен техникалық колледжі "МКҚК-ның даму стратегиясы" атты  педагогикалық кеңесі өтті.

Педагогтер кадрларды даярлау жүйесін дамыту стратегиясын іске асырудың басым бағыттарын, 2022-2023 оқу жылына арналған колледж қызметінің негізгі бағыттарын талқылады, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығының әлеуетін ашу үшін тәлімгерлік жүйесінің дамуына, оның тәжірибеге бағытталуына талдау жасады.

Оқу жылын толық құрамда бастаудың бұл керемет дәстүрі көптеген жағымды нәрселерге ие, өйткені педагогикалық кеңес - бұл қорытындылау, жаңа мақсаттар мен міндеттер қою, терең тынымсыз жұмысқа дайындық.

Күш-жігер мен шығармашылық идеяларға толы педагогтар мен қызметкерлер өз жұмыстарын үйлестіру үшін жиналды. Отырыс 1 қыркүйектен бастап колледжде сабақ беретін жас мамандар мен  мерей той иелеріне құрмет көрсетумен аяқталды.

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст