Жастардың әлеуметтік салаға қатысуы қаншалықты маңызды болса, саяси өмірге қатысуы да соншалықты маңызды. Өскелең ұрпақты қаланы, өңірді дамыту мәселелерін талқылауға тарту, олардың көзқарастарын назарға алу урбанистік ортаны жақсарту және басқару әдістерін жетілдіру жолдарының бірі болып табылады.
Қала әкімі Алпысбай Қайыржановтың төрағалығымен өткен жыл сайынғы жастар форумы қала әкімшілігі мен студент жастар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңдарының бірі болмақ.
Биыл форум дәстүрлі түрде желтоқсан айының соңында өтті. Степногорск колледждерінің студенттері, кәсіпорындардың жас мамандары қала басшысымен сұхбаттасып, өзекті проблемалар туралы ой бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Форум қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Біз Тау-кен техникалық колледжінің студенті Дик Валерияны мақсатқа жетелер жігерлігі үшін қала әкімі тарапынан алған марапатымен құттықтаймыз!