2023 жылғы 01 ақпанда Көкшетау қаласында облыстық білім басқармасының және облыстық әдістемелік кабинеттің қолдауымен"Шеберлік сыныптар өрнегі" бойынша "Заманауи технологиялар білім сапасын басқару құралы ретінде" тақырыбында колледждердің жетекші педагогтарының семинар-практикумы өтті.
Семинар аясында біздің колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Султанова Катипа Сагынбаевнада өз тәжірибесімен бөлісті, педагог-шебер сабақта және сыныптан тыс іс-шараларда инновациялық технологияларды қолдану бойынша оқыту тренингін өткізді. Тыңдаушылар қатысқан тренинг семинар оқыту ойыны ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараның қорытындысы дөңгелек үстел түрінде педагогтердің әдістемелік жұмысының әртүрлі аспектілері бойынша ұсынымдар қабылдаумен аяқталды.
Семинар соңында қатысушылар облыстық білім басқармасының сертификаттарымен марапатталды.