Текст
Бүгін бітіруші топ студенттері Степногорск қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы С.Касеновпен және Алматы облысы Шекара қызметі департаментінің Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының психологі Е.А.Шутановпен кездесті. Кездесу барысында білім алушыларға ҚР ҰҚК Шекара әскерлерінде қызмет өтеу, ҚР ЖӘОО-на түсу тәртібі мен қағидалары туралы, сонымен қатар ҚР ҚК қатарында мерзімді қызмет өтеу туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.