Нақты тәжірибені пайдалана отырып, оқытудың оқу-практикалық бөлімі аясында біздің колледжге «Степногорск ЖЭО» ЖШС химиялық цехының бас технологы Зенкова Галина Геннадьевна келді. «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша ТЭС-3-1 және ТЭС-2-1 тобының студенттерінде қонақ дәрісі өткізілді, лекция тақырыбы: Тұзсыздандырылған суды өңдеу және дайындау әдістері.
Галина Геннадьевна суды тұзсыздандыру цехының жұмыс принципі және ондағы жабдықтың құрылымы, біздің ЖЭО-да қандай тазарту әдістері қолданылады, суды тұзсыздандыру процесі не үшін және қалай жүреді, реагенттер қандай мөлшерде және не үшін қолданылады және т.б. туралы түсіндірді.
Цехтың сұлбалары, жабдықтың сызбалары, жабдықтың жұмыс принципі бойынша бейнематериал көрсетілді.
Студенттер суды тазарту үшін пайдаланылатын сүзгілердің жүктеу материалын көрнекі түрде көрді, цех қондырғыларының фотосуреттері көрсетілді.
Студенттер «Степногорск ЖЭО» ЖШС-нен келген қонағымызды мұқият тыңдап, бірқанша жаңа ақпараттарды білді, қызықтырған сұрақтарын қойды. Көптеген қыздарды «химиялық цехта тәжірибеден өтуге бола ма, аппаратшылар не істейді және олардың міндеттеріне не кіреді?» деген сұрақтар қызықтырды.