17.02.2023
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқымеін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар.
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды.
9 жыл бойы кеңес әскерлері Ауғанстан Үкіметі күштерімен бірге ауған моджахедтеріне қарсы әскери қимылдарына қатысты. Бәрі де артта қалды: соғыс, атыс, орны толмас шығындар ...
Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы.
Бұл әскери қақтығыс көптеген шығындарға әкеліп, орасан зор материалдық ресурстарды жоқ қылып қана қоймай, КСРО-ның ыдырауына әсер еткен факторлардың бірі болды.
Бізді әлі де ұзақ уақыт бойы өлгендер мен тірілердің дауыстары мазалайтың болады.
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер – естелігі ерліктің,
Ұрпақтары ұмытпайды мәңгі естен.
Интернационалист жауынгерлер өздерінің әндерінде әскери күндердің шежіресін жүргізді және бұл шежіре ұмытылған жоқ – бүгін біз сіздің әндеріңізді жатақханада колледж студенттерімен бірге орындаймыз.
Біз сіздерді мақтан тұтамыз - Ауған жауынгерлері!!!
Жатақхана кеңесі
Тәрбиеші Шило О. М.