Біз Тау-кен техникалық колледжінің түлектерімен танысуды жалғастырамыз, олар үшін колледж мамандыққа қарай нақты қадамның бастамасы және сәттіліктің кепілі болды.
Руденко Дмитрий Александрович
Степногорск гуманитарлық-техникалық колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша 2001 жылдан 2003 жылға дейін білім алды.
Қазіргі уақытта «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС-де заң басқармасының бастығы болып жұмыс істеймін. Сонымен қатар, «Степногорск металлургия зауыты» ЖШС директоры қызметін атқарамын.
Колледжді бітірген сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі барлық кәсіби қызметім колледжде алған мамандығыммен байланысты.
Колледж мен үшін қажетті базалық білім беретін бастапқы алаң болып табылды, оның көмегімен болашақта өзім жеке кәсіби тұрғыдан дами алдым.
Өз кезегінде, алынған мамандық өз ерекшелігі бойынша игерген білімдерін тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де қолдануға мүмкіндік береді.
Мен өз уақытында маған өзінің білімі мен тәжірибесінің бір бөлігін бере алған, өз ісінің маманы болып өсуге көмектескен колледждің барлық оқытушылар құрамына ризашылығымды білдіремін.
Тау-кен техникалық колледжі – тек оқу ғана емес, бұл жеке тұлғаны және жеңіске деген ерік-жігерді тәрбиелеу!