Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адамгершілік – жүректің ақыл-ойы» Г. Гейне

04.04.2023

«Адамгершілік  – жүректің ақыл-ойы»   Г. Гейне
 Бүгін жатақханада «Адамгершіліктің оянуы сағаты» өтті. Әр адамның өзінің адамгершілік құндылықтары бар – бұл оның өмірде ең жоғары бағалайтын, ол үшін қасиетті болып саналатын,   сенетін және өзінің іс-әрекетінде басшылыққа алатын дүниелер. Бұл адамның материалдық және рухани құндылықтарға таңдамалы қатынасы, оның көзқарастары, мінез-құлқында көрінетін сенімдер жүйесі. Адамның өмір сүру салтына  қарап  оның өзін - өзі бағалауы төмен немесе жоғары екендігі туралы айтуға болады. Тек өмірлік қажетті мақсат адамға өз өмірін абыроймен өткізуге және шынайы қуаныш алуға мүмкіндік береді. Қандай өмірлік өсиеттер мен құндылықтар мызғымас болып саналатынын анықтау үшін студенттер жазылған моральдық ұғымдары бар 20 карточканың бірін таңдады. Олардың міндеттері – бұл ұғымдарға мысалдар келтіре отырып,  дұрыс түсініктеме беру. Бұлар – сыпайылық, сенім, тәкаппарлық, ар-намыс, мейірімділік және т.б. Осы тапсырмадан кейін студенттер адамгершілік мәдениет ұғымын тұжырымдады. Бұл адамгершілік өмір заңдарының талаптары адамның іс-әрекетіне қаншалықты енгенінің көрсеткіші. Содан кейін студенттер бұл қасиеттерді өз бойларында көріну дәрежесіне қарай бөлді, қасиеттердің көмегімен олар болашақта нағыз ересек адам болып қалыптаса алады. Соңында балалар өз ойларын түйіндеп,  күннің ішіне ең маңызды адамгершілік қасиет - Мейірімділікті, ал сәулелерге - махаббат, ізгілік, ар-ожданды қойды... Қорытындылай келе,  Сенеканың мына сөздерімен аяқтағымыз келеді: «Адамгершілікпен бірге өмір сүрмей, жағымды өмір сүре алмайсың».
Жатақхана кеңесі 

Тәрбиеші Шило О. М.

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст