Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің түлектерді тыңдайық

07.04.2023

Тау-кен техникалық колледжі - табысты кәсіби өмірдің бастауы!

Біздің түлектерді тыңдайық:

Якобюк Владимир Владиславович, «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (тау-кен электромеханигі) мамандығы бойынша 2012-2016  жылдары білім алған.
Қазіргі уақытта мен «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясында Ақсу «Кварицитовые Горки»  жобасында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесін оңтайландыру бөлімінің маманы болып жұмыс істеймін. Бұл қызметім Тау-кен техникалық колледжінде алған мамандықпен тығыз байланысты, өйткені жұмыс оқу барысында алынған белгілі бір білімді, атап айтқанда кәсіпорында техникалық құрылғыны және электромеханикалық жабдықты қауіпсіз пайдалануды талап етеді. 
Колледж мен үшін жақсы естеліктермен ерекшеленеді, ең бірінші кезекте, әрине, оқытушылар туралы. Олардың әрқайсысы өз пәнін жақсы көретін және өз білімін студенттерге жеткізе алатын нағыз мамандар. Колледжде мен жаңа достар таптым, қызықты адамдармен таныстым, жетілдім, дүниетанымым өзгерді. Колледж ересек өмірдің бірінші кезеңі. Тау-кен техникалық колледжінде оқу маған жұмыс пен өмірде қолданатын әртүрлі бағыттар бойынша бастапқы білімді берді.

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст