"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

16 мамырда «Степногорск өңірінің халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» қалалық айлығының қорытындысы шығарылды.

17.05.2023

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік жолымен жүріп жатыр. Мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жыл сайын тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. 
16 мамырда «Степногорск өңірінің халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» қалалық айлығының қорытындысы шығарылды.
Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша қала әкімінің орынбасары Гүлназ Маратқызы Әбілованың алғыс хаттарымен директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Дик Юлия Сергеевна және ТЭС-1-1 тобының студенті, құқық және тәртіп фракциясының белсенді өкілі Таженов Әділжан марапатталды.
Сонымен қатар, біздің студент Жеңіс Дауылбаевтың (ПО-2-1 тобы) плакат-баннер өнімдері байқауындағы жеңісі біз үшін мақтанышқа ерекше себеп болды. Ол 23 қарсыласын жеңіп, бірінші орынды иеледі! Құттықтаймыз!
Алдағы уақытта қала тұрғындары Жеңістің шығармашылығын қала көшелерінен көре алатын болады.

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст