«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында бүкіл әлемде балалар еңбегінің алдын алуға, балаларды ауыр және қауіпті жұмыстарды орындаудан босатуға, жұмыс істейтін балаларды қорғауды арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде.
Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күнін Халықаралық еңбек ұйымы тарапынан белгіленген және жыл сайын 12 маусымда атап өтіледі.
Жатақханада үш колледж студенттерінің жалпы жиналысы өтті. Бұл жиналыста дүние жүзіндегі ең күрделі мәселе – балалар еңбегін қанау туралы айтылды. Студенттердің назарына келесі мәселелер бойынша жалпы ақпарат ұсынылды:
1. Балалар еңбегін қанауға бола ма?
2. Балаларды қанаудың мәні неде?
3. Қанаудың жаңа түрлері.
4. Кәмелетке толмағандардың еңбегіне қай жерлерде тыйым салынған?
5. Балалар еңбегін қанаумен қалай күресуге болады?
Қорытындылай келе, студенттер келесідей ұйғарымдар жасады:
Еңбек ету пайдалы, бірақ шамаң келетін жұмысты орындау қажет, белгіленген уақыт және жұмыс адам жасына сәйкес болуы керек, жасөспірімдер үшін бұл ересектердің бақылауымен орындауға мүмкін болатын жұмыс.
Тәрбиеші Шило О. М.